07 Nov 2016
%d0%b4%d0%b5%d1%82%d1%81%d0%ba%d0%b8%d0%b9-%d0%b0%d0%b1%d0%be%d0%bd%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d1%82

%d0%b4%d0%b5%d1%82%d1%81%d0%ba%d0%b8%d0%b9-%d0%b0%d0%b1%d0%be%d0%bd%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d1%82%d0%b4%d0%b5%d1%82%d1%81%d0%ba%d0%b8%d0%b9-%d0%b0%d0%b1%d0%be%d0%bd%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d1%82-2016-2017

Қымбатты достар!

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы «Союз двух муз» атты мектеп оқушыларына арналған музыкалық абонемент ұсынады. Жасөспірімдерді өнерге, оның ішінде классикалық музыкаға баулу мақсатында 2016-2017 жылдары арнайы балалар үшін ағартушылық абонементі дайындалды. Бұл абонемент 5 концерттен тұрады. Әр концертте әлемдік деңгейде танымал М.Төлебаев, Э.Грига, С.Прокофьев, Г.Свиридов, Д.Шостакович сыңды кәсіби композиторларының шығармалары орындалады және әр шығармаға ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ю.П.Аравин анықтама жасап, қызықты мәлімет береді. Оркестрде 100-ге жуық музыканттар бар. Бұл абонементтер 20 жылдық үзілістен кейін көрерменнің сұрауы бойынша қайта жаңғыртылып отыр. Бұл барлық балаларға арналған қолжетімді жоба. Олар нағыз әуен тыңдауға үлкен мүмкіндік алады. Концерттер осы жыл ішінде қараша, желтоқсан, ақпан, наурыз, мамыр айларының жексенбі күндері сағат 12.00 де өтеді. Екі адамға арналған абонемент бағасы 6000 теңге.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар

 8-(727)2918157, 8-(727)218048, 8-(701)7518985, 8-(707)6100404, 8-(701)3509879