01 Окт 2017
DSC_6165

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ұжымы Елбасының латын әліпбиіне өту туралы бастамасын толықтай қолдайды. Себебі, өткен ғасырдың 30-ыншы жылдары жазушыларымыз қолданған графика біздің буынға да бөтен емес.

Зерттеулер нәтижесінде, латын әліпбиінің түркологияның ортақ әліпбиі екендігіне көз жеткіземіз. Мысалы, көне түрік жазбаларын таңбалағанда түркологтар латын транскрипциясын қолданады. Бұған Баскаковтар басқарған «Советская Тюркология» ұйымы да сүйенген. Бұл үрдіс Ресейде әлі де жалғасып келеді. Ал Нью-Йорк университетінің профессоры Ларисса Бонфанте сынды ғалымдар латын әліпбиінің түп тамыры ежелгі этруск жазуына тірелетінін жазады. Түркі халықтары туралы ауқымды энциклопедиялық мұра болып саналатын ортағасырлық «Кодекс Куманикус» латын әліпбиінде қағазға түскен. Бертінде, 1926 жылғы Баку Құрылтайында бүкіл ғалымдарымыз латын әліпбиін таңдап алған. 1990 жылдардың басында түркі елдерінің ғалымдары тағы осындай тоқтамға жүгінген. Бұдан аңғаратынымыз, латын әліпбиі – біздің фонетикамыз бен дыбыс жүйемізге ең жақын әліпби деуге болады.

Халықты рухани жаңғыруға бастаған Елбасымыздың қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру ісіне қатысты соңғы жарты жылдықта көптеген пайымды пікірлер айтылды, талқыланды. Бұл латын әліпбиіне қатысты тағдыршешті жобаның тарихи маңызын айқындай түседі.

Директор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдуллаұлы бастаған филармония  қызметкерлері, ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дінзухра Тілендиева, Қанат Ахметов, Қанат Омаров, Бейімбет Демеуов, Жанат Ерманов т.б. әріптестері бұл ұсынысты ұжымдық кеңесте талқылап, оның аса маңыздылығын мойындайды, себебі латын əліпбиіне көшу — ойы да, сөзі де, ісі де бір жерден шығатын, тек қана қазақтілді билік пен қазақтілді қоғам ғана атқара алатын жауапты іс! Тəуелсіз Қазақ Елінің мемлекеттік өз әліпбиінің болуы тиіс деп санайды.

Әрине, әліпби өзгерту бір күнде, тіпті бір жылда да жүзеге асатын процесс емес. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, қанатқақты жоба ретінде қолданысқа енгізілгеннен кейін, уақыт өте келе қолымыз да жаттығып, көзіміз де үйреніп кетеді. Ең бастысы, жаһандану жолында рухани жаңғыруға нақты қадам жасалды. Елбасымыздың ұрпақ болашағы үшін жасаған әр қадамы бізді, һәм өнер адамдарын қатты қуантады.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдуллаұлы

DSC_6170

Іске сәт

Егемендіктің тағы бір таңы, жаңа күн жаңалығын жария етті. Ол жаңалық – біздер, өнер адамдары көптен күткен болашақта бағдар беретін Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» жаңалығы еді. Жаңғырудың ерекшелігі – еліміздің алдағы уақыттардағы мықты біртұтас болуы үшін болашаққа қалай қадам басуымыз және бұқаралық сананы қалай өзгерту жолдарын тайға таңба басқандай етіп ашық айтып, анық көрсеткендігі.

Президентіміздің арман тілегі, қайрат жігері туған халқының аман-саулығымен өсіп-өркендеуіне, әлем алдындағы мәртебесінің биік болуына бағытталған.

Үндеу мақаласының басты өзегіне айналған негізгі ұстанымның айдары тарихта талай өзгерістерге ұшырап қайта оралған латын әліппесіне ұлт болып көшу.

Бұл – мәңгілікке көшін түзеген қазақ елінің білім, ғылым саласындағы ұлттық ұстанымы, өмірлік қолтаңбасы болмақ. Егемен елдің, еркін елдің бүгінгі таңдағы қалауы мен таңдауы осы деп білемін.

Жолдама үндеуді тек идеология мамандарына ғана емес, күллі Алаш жұртына, еңбектеген баладан еңкейген қарт адамдарға арнаған үлкен сенім деп қабылдадым.

Өткен арғы тарихтағы Күлтегін бабамыз тасқа жаздырып кеткеніндей «Елім үшін күндіз демалмадым, түнде ұйықтамадым» деген Заман бізге енді келді деп есептеймін. Себебі егемендігімізді сақтайтын, қорғайтын сол үшін жан аямай еңбек ететін уақыт бүгін келді деп білемін. Ол үшін, заман талабына сай біліммен, әлемдік ғылыммен, уақыт ағымымен өркендеп өсіп жатқан озық технологияны орынды пайдалану арқылы ғана іске асырып, еңбектену қажет.

Әрине, жаңғыру үшін ұлттық кодымызды, ұлттық қасиетімізді, көп елде жоқ озық өнерімізді ұлықтап, дамытуымыз ұлы міндет.

Қазақ өнері бүкіл әлемде қанатын кең жайып келеді. Оның болашағы ертең мен бүгіннен зор болатынына сенімім мол. Өйткені біздің «Қазақ» деген еліміз бар.

Нұрсұлтан Әбішұлындай кемеңгер бастаушымыз бар. Алла Тағала аман-саулығын беріп, еліміздің мәңгілік өмір жолындағы нәсібесін мол етсін деп тілеймін!

Еліне еңбек ететін, ұлтының намысын қорғайтын әрбір қазақ азаматының болашақ үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, арман тілегімізді осы сәтті де, қасиетті іске қызу қолдау көрсететін кезіміз бүгін келді демекпін.

Нұрғали НҮСІПЖАН,

Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,

профессор, Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының әншісі 

DSC_6162

Поддержка предложения Президента о переходе на латиницу

Как определил Глава государства Нурсултан Назарбаев, к концу 2017 года Казахстан будет переходить к использованию латиницы. В этой связи, в Казахской государственной филармонии им. Жамбыла- подведомственной организации Министерства культуры  и спорта РК —  прошло собрание коллектива во главе с директором филармонии Заслуженным деятелем РК Женисом Сейдуллаулы. В мероприятии приняли участие: Народный артист  РК Н.Нусипжанов, музыкальные коллективы  филармонии, художественные руководители и главные дирижеры оркестров.

В своей речи, директор филармонии отметил, что наша страна намерена постоянно развивать культурные, языковые отношения  со странами ближнего и дальнего зарубежья. Отметил, что  современная попытка перейти на латинский алфавит для казахского языка не первая. Комитетом по новому алфавиту при ЦИК СССР был разработан так называемый Единый тюркский алфавит для всех тюркских народов на базе латиницы. Алфавит с некоторыми модификациями, специфичными для казахского языка, официально использовался с 1929 по 1940 год.

Сегодня латинский алфавит неофициально используется казахской диаспорой в Турции на базе турецкого алфавита. Также казахской диаспорой применяются суррогатные латиницы и в других странах Европы и в США. На собрании также выступили: Народный артист РК Нургали Нусипжанов, Заслуженный деятель РК Бейимбет Демеуов и др.

По окончании собрания единогласно принято решение полностью поддержать идею Первого президента Нурсултана Назарбаева  перехода  Казахстана к использованию латиницы.

Народный артист РК Н. Нусипжанов

Заслуженный деятель Казхастана — Ж.Сейдуллаулы

Заслуженный деятель РК Канат Ахметов.

Заслуженный деятель РК Динзухра Тлендиева

Заслуженный деятель РК. Беймбет Демеуов

Заслуженный деятель РК Жанат Ерманов

Лауреат международных конкурсов Канат Омаров