26 Май 2018

Жамбыл атындағы Қазақ мем­лекеттік филармониясында Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның халық әртісі Ахмед Агади мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық опера және балет театрының солисі Гүлзат Дәуірбаеваның «Өз елім» атты концерттік кеші өтті. Сазды кеште сахнаның сәнін кіргізген белгілі әншілер Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклор­лы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Оркестрге ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева мен дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайрат­кері Мүсілім Әмзе жетекшілік етті. Концертте әншілер қазақтың халық әндерімен қатар, қазақстандық және шетелдік компози­торлардың жұртшы­лықтың жүрегіне жол тапқан музы­калық шығармаларын тыңдарманға тарту етті. http://almaty-akshamy.kz/jgili-nshi-aza-sahnasy-nda-ner-k-rsetti/ 

4-780x405