26 Июн 2018

 

Түркі халықтарының мәдениетін және өнерін дамыту жөніндегі TURKSOY халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 23 маусым күні Анкара қаласында «ODEON» фестивалі өтті.

Мюнхен камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі дирижеры  Кристоф Поппен бұл концертке қатысқан ұжымдарға жетекшілік етті. Сонымен қатар, Башкортостанның еңбек сіңірген артисі, опера әншісі – Альфия Каримова, Әзербайджанның еңбек сіңірген артисі, контртенор – Ильхам Назаров, Анкара Мемлекеттік опера және балет театрының солисі, баритон – Арда Актар, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, Астана қаласының  Мемлекеттік Академиялық филармониясының камералық хор ұжымы, сондай-ақ, Анкара қаласының BILKENT университетінің симфониялық оркестрі қатысып, əр елден келген көрермендерге өнер көрсетті. Аталған ұжымдар тыңдарманға неміс композиторы Карл Орфтың  25 бөлімнен тұратын «Ка́рмина Бура́на» шығармасын, латын тілінен аударғанда «Бойерна əндері» бағдарламасын ұсынды.

DSC_4832 DSC_4884 DSC_4885 DSC_4886 DSC_4876