28 Авг 2018

«Тәуелсіздік төлқұжаты — Ата Заң» атты мерекелік іс-шара есебі

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының камералық залында Конституция күніне арналған «Тәуелсіздік төлқұжаты — Ата Заң» атты мерекелік іс-шара өтті. Жиында Ата Заңымыздың қоғамдағы беделі мен адамзат алдындағы абыройына құрмет көрсетіліп, ұлтымыз үшін маңыздылығы ұлықталды.  Себебі, Конституция Тәуелсіз мемлекет ретінде даму жолымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып отыр. Қазіргі һәм өмір бойғы басты міндетіміз — Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Яғни, басты талап — Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс.

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, директор — Дәлел Зейнешұлы Уәшев және «НұрОтан» ХДП Медеу аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы Төрағасының орынбасары — Қасымов Қазақбай Тәштемірұлы қатысты. «Егемен Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» БАҚ өкілдері және 200-ге жуық ұжым қызметкерлері жиналған жиынды директордың орынбасары Бықыбаев Нұрлан Дүйсенәліұлы жүргізді.

Ғимараттың сыртқы алаңында «Ата Заң» мерекесіне арнап, ҚР Үрмелі аспаптар оркестр шеруі өтті. Камералық залдың сахнасында Конституция күніне орай баннер орнатылады, видеопроэктордан бейнеролик  көрсетіледі. Қонақтар таныстырылғаннан кейін Мемлекеттік Әнұран орындалды. Жиын Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Дәлел Зейнешұлы Уәшев мырзаның құттықтау алғы сөзімен ашылды. Іс-шара соңында мерекелік концерттік бағдарлама  ұсынылды және бірнеше ұжым қызметкерлері мерекеге орай «Алғыс хатпен» мараптталды.

  1. Бауыржан Құмарбековтың орындауында Кәкімбек Салықовтың әні «Сарыарқа»
  1. Отырар сазы оркестрі домбырашыларының күй тартысы және
  2. Бекзат Абитовтың орындауында Ескендір Хасанғалиевтің «Көңіл күйі» және «Атамекен» әні орындалды.

DSC_6473 DSC_6479

IMG-20180828-WA0007 (1)

DSC_6477

DSC_6504

DSC_6539

DSC_6528

DSC_6543

DSC_6365 DSC_6367 DSC_6370 DSC_6459