13 Сен 2018

Алматының 1002 жылдығына орай, қала күнін тойлау қарсаңында 12-13 кыркүйек күндері Республика Сарайының «Абай» алаңында оркестрлер фестивалі өтті. Іс-шараға Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ұжымдары Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі — көркемдік жетекшісі әрі бас дирижеры ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дінзуһра Тілендиева, ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі — көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанат Ахметов, Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы және жеке орындаушылар: ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжан, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров, Береке Енкебаева, Игорь Блогодарный, Мақпал Тоқтағанова, Біржан Бәзілжанов,  Нұрсұлтан Шатырхан, Фархат Кубиев ән шырқады.