22 Oct 2018

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кезекті Жолдауын талқылау  үшін “Нұр Отан” ХДП өкілдерімен кездесу өтті

2018 жылдың 22 – қазанында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында  ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кезекті Жолдауын талқылау мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Омархан Нұртайұлы Өксікбаев және Алматы қалалық Мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» ХДП мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қалдыбай Омарұлы Қазанбаевпен кездесу өтті. Жиынға  Алматы қалалық Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филармония директоры Дәлел Уәшев және филармонияның қызметкерлері қатысты. О.Өксікбаев өзінің баяндамасында Елбасының Жолдауын жиналғандарға жан-жақты түсіндіріп, басты жобаларға кеңінен тоқталды. Жиын барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Сонымен қатар, Н.Нүсіпжанов, Қ.Қазанбаев Президенттің Жолдауын қолдайтындарын білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті.