23 Окт 2018

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында өнер ордасының Камералық оркестрі мен канадалық скрипкашы Лара Сейнт Джонның концерті өтті. Сұлу сазды кешке жиналған қауым Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», Дәулеткерей Шығайұлының «Көроғлы» атты күйлерін, сондай-ақ, Фабиан Мюллердің, Джакомо Россинидің, Эдвард Элгардың, Антонио Вивальдидің әлемге әйгілі музыкалық шығармаларын тыңдады. Дүниежүзілік сахналарда әлем жұртшылығын тамсандырып жүрген канадалық скрипкашы Лара Сейнт Джон Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» атты музыкалық туындысын орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді. http://almaty-akshamy.kz/aza-nerpazdary-irlandiyada-ner-k-rsetedi/