17 Мар 2019

Алматы қаласында 17 наурыз күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты барлық ұжым, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында әріптестерімен көрісуге, ұлы даланың ұлы күнін тойлауға жиналды. Министр А.Мұхамедиұлының ұсынысымен биылғы жылдан бастап Наурызды жаңа тұрпатта тойлау — мұқтаж жандарға, көп балалы аналарға, қарттар мен мүгедектерге жәрдем беріп, көңіл бөлу ниетімен басталған іс-шараға Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы белсенді қатысып, 600-ге жуық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлық таратты. Келген қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, спорттық ойындар, қолөнер көрмесі мен мерекелік қойылымдарды тамашалап, көшет отырғызды. Концерттік бағдарламада ҚР мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі мен Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы өнер көрсетті.

#ұлыдаланыңұлыкүні  #наурыз2019  #ұлыстыңұлыкүні

По инициативе министра культуры и спорта Республики Казахстан А.Мухамедиулы, в Алматы, 17 марта, все коллективы, подведомственные Министерству, собрались в Казахском государственном академическом театре драмы имени М.Ауэзова, чтобы встретиться с коллегами и принять активное участие в праздновании Наурыза в новом формате — мероприятии, организованном для поддержки малообеспеченных семей, многодетных матерей, пожилых людей и инвалидов. Гости наслаждались национальной кухней, участвовали в спортивных играх и состязаниях, посетили выставку ремесел, любовались праздничным шоу и сажали саженцы. Руководством Казахской государственной филармонии им. Жамбыла были организованы подарки около 600 воспитанникам детских домов. В концертной программе мероприятия участвовали Государственный духовой оркестр Республики Казахстан и Государственная хоровая капелла имени Б. Байкадамова.