28 Мар 2019

ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының ұсынысымен биылғы жылдан бастап Наурызды жаңа тұрпатта тойлау — мұқтаж жандарға, көп балалы аналарға, қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсетіп, көңіл бөлу ниетімен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы «Ұлы даланың ұлы күні — Наурыз» мейрамын Алматы қаласының №3 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында атап өтті.

Қазақтың асыл қазынасы — қадірлі қарттарымызға, ардақты ата-апаларымызға арналған осынау игі бастамада Филармония директоры ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асқар Исмаилұлы Бөрібаев қарттарды наурыз мерекесімен  құттықтай отырып бағалы сыйлықтар, қажетті құрал-жабдықтар табыстады. Қайырымдылық іс-шара филармония әртістерінің мерекелік концертімен жалғасты. Халықаралық байқаулардың лауреаттары Ержан Әлімбетов, Біржан Бәзілжан және Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы өнер көрсетті.

Игі істер эстафетасын ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінен @saltanat_dance_group_official  және ҚР Ұлттық кітапханасынан @ulttyk_kitapkhana қабылдап — Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне @otrarmuseym, сонымен қатар, министрлікке қарасты барлық ұйымдарға жолдаймыз.

Министр культуры и спорта Республики Казахстан А.Мухамедиулы предложил новый формат празднования Наурыз мейрамы  «Ұлы даланың ұлы күні — Наурыз» Идейное содержание нового формата – это оказание особого внимания, уважения и помощи малообеспеченным семьям, многодетным матерям, старикам и ветеранам. Одно из духовных ценностей казахского народа — уважительное, трепетное отношение к пожилым людям.

Сотрудники Казахской государственной филармонии имени Жамбыла, во главе с директором филармонии, заслуженным деятелем РК Аскаром Исмаиловичем Бурибаевым посетили центр оказания специальных социальных услуг №3 города Алматы, с целью поздравить старшее поколение с праздником Наурыз. Благотворительная акция продолжилась праздничным концертом артистов филармонии. В концертной программе выступали лауреаты международных конкурсов Ержан Әлимбетов, Біржан Бәзілжан и Государственная хоровая капелла им. Б.Байкадамова.

В заключение концерта центру в дар для постояльцев были преподнесены подарки.