01 Apr 2019

ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының ұсынысымен биылғы жылдан бастап Наурызды жаңа тұрпатта тойлау – мұқтаж жандарға, көп балалы аналарға, қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсетіп, көңіл бөлу ниетімен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы «Ұлы даланың ұлы күні – Наурыз» мейрамын Алматы қаласының №3 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында атап өтті.

Қазақтың асыл қазынасы – қадірлі қарттарымызға, ардақты ата-апаларымызға арналған осынау игі бастамада Филармония директоры ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асқар Исмаилұлы Бөрібаев қарттарды наурыз мерекесімен  құттықтай отырып бағалы сыйлықтар, қажетті құрал-жабдықтар табыстады. Қайырымдылық іс-шара филармония әртістерінің мерекелік концертімен жалғасты. Халықаралық байқаулардың лауреаттары Ержан Әлімбетов, Біржан Бәзілжан және Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы өнер көрсетті.

Игі істер эстафетасын ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінен @saltanat_dance_group_official  және ҚР Ұлттық кітапханасынан @ulttyk_kitapkhana қабылдап – Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне @otrarmuseym, сонымен қатар, министрлікке қарасты барлық ұйымдарға жолдаймыз.