12 May 2019

     

Қымбатты достар!

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КАРНАВАЛ» атты мектеп оқушыларына арналған музыкалық абонемент ұсынады. Жасөспірімдерді өнерге, оның ішінде классикалық музыкаға баулу мақсатында 2018-2019 жылдары арнайы балалар үшін ағартушылық абонементі дайындалды. Бұл абонемент 5 концерттен тұрады. Әр концертте әлемдік деңгейде танымал кәсіби композиторлардың шығармалары орындалады және әр шығармаға ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ю.П.Аравин анықтама жасап, қызықты мәлімет береді. Оркестрде 100-ге жуық музыканттар бар. Бұл абонементтер 20 жылдық үзілістен кейін көрерменнің сұрауы бойынша қайта жаңғыртылып отыр. Бұл барлық балаларға арналған қолжетімді жоба. Олар нағыз әуен тыңдауға үлкен мүмкіндік алады. Концерттер сағат 12.00 де өтеді. Екі адамға арналған абонемент бағасы 6000 теңге.