01 Jun 2019

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, бірінші «АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРА-СИМФОНИЯ ДИРИЖЕРЛАРЫ БАЙҚАУЫН» жариялайды. Бұл байқау “Classics Management Budapest” ұйымының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің қатысуымен өтеді. Байқауға қатысуға жасы бойынша шектеусіз кез келген елдің музыканттары (азаматтары) шақырылады. Байқау 2019 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында өтеді.

 

Марапаттар:

  1. Жеңімпаздар үшін Еуропаның беделді музкыкалық мекемелерінде концерттер:

– Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы,

– Астана қаласындағы Astana Opera,

– Францияда Opera de Nice,

– Италияда Teatro Carlo Felice,

– Италияда Sanremo Symphony Orchestra,

– Болгарияда Plovdiv Opera.

  1. Ақшалай жүлде ретінде 10.000 €.