13 Окт 2019

Мəскеуді əнге бөлеп, күймен күмбірлеткен қазақ əуендері

Белгілі этнограф, қазақстандық музыкатану жəне композиторлық мектептің негізін қалаушылардың бірі Александр Викторович Затаевичтің 150 жылдығының аясында ҚР мəдениет жəне спорт министрлігінің ұйымдастырумен Мəскеуде өтіп жатқан үш күндік шараның кеше — соңғы күні. 11 қазанда басталған «Əлем халықтарының музыкасы. Зерделеу проблемалары: мəдени мұраны сақтау» атты халықаралық ғылыми конференциясы өз жалғасын тауып, тың идеялармен қорытындыланды. Аталмыш шараның салтанатты жабылу кеші кеше Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының Үлкен концерттік залында өтті. Концерттік бағдарламада ҚР беделді əртістері мен Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі өнер көрсетті.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/fotoarchive/mskeud-nge-bolep-kuymen-kumbrletken-kazak-uender-632/