19 Oct 2019

Құрметті классикалық музыканың жанкүйерлері!

Бұл концерттік маусым біздерге, яғни, Ғ. Жұбанова атындағы квартет үшін, сондай-ақ, сіздерге – біздің құрметті тыңдарманға – ерекше әсер етеріне сенеміз.

Себебі, ұлы неміс композиторы Людвиг ван Бетховеннің квартеттер циклі біздің сахнамызда қайталанатын болады. Тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемнің музыкалық қауымдастығы 2020 жылы композитордың  мерейтойын тойлайды.

Біздің ұжымның биылғы алты концерті – Алматы қаласының мәдени өміріндегі ерекше сәттердің бірі болмақ. Тыңдарман  назарына біз композитордың ұлы шығармаларын – барлық 16 квартетін ұсынамыз.

Сіздерді Бетховеннің мерейтойлық концерттік кештерінде қуана күтеміз!

Ыстық ықыласпен,

Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптарквартетінің көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мынтаев !