17 Nov 2019

Қымбатты достар! 

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы  мектеп оқушыларына арналған “Музыкалық Европа” абонементін ұсынады. Жасөспірімдерді өнерге, оның ішінде классикалық музыкаға баулу  мақсатында 2019-2020 жылдары арнайы балалар үшін ағартушылық абонементі дайындалды. Бұл абонемент 5 концерттен тұрады. Әр концертте әлемдік деңгейде танымал кәсіби композиторлардың шығармалары орындалады және әр шығармаға ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ю.П.Аравин анықтама жасап, қызықты мәлімет береді. Оркестрде 100-ге жуық музыканттар бар. Бұл абонементтер 20 жылдық үзілістен кейін көрерменнің сұрауы бойынша қайта жаңғыртылып отыр. Бұл барлық балаларға арналған қолжетімді жоба. Олар нағыз классикалық әуен тыңдауға үлкен мүмкіндік алады. Концерттер әр жексенбі күні сағат 12.00 де өтеді. Екі адамға арналған абонемент бағасы 6000 теңге.