02 Апр 2020

Ғасырға жүк боларлық ғаламат туындыларымен қазақ өнеріне қомақты үлес қосқан ән мен күйдің алыбы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 1 сәуір күні 95 жыл толды. Осыған орай, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының бастамасымен Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі  және Б. Байқадамов атындағы  мемлекеттік хор капелласының солистері өнердегі әріптестеріне Нұрағаның әндерін орындаудан эстафета жолдады.

https://egemen.kz/article/227416-tilendiev-anderin-tebirene-shyrqady