09 Апр 2020

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің мақаласында — бар әлемге, сондай-ақ, елiмiзге түскен осынау қиыншылыққа бірге төтеп беруге, ел болып бірге жеңуге үндейді! Отандастарымызды сабырлыққа шақырып, қазақстандықтарға жақсылық пен амандық тіледі. Экономикадағы, әлеуметтiк саладағы дағдарыстарды мүмкiншiлiгiнше аз шығынмен еңсеріп, ертеңгі күнге әл-ақуалымыз тұрақты, денсаулығымыз қуатты болып жетуге үлкен үмiт ұялатады. Әлемде толықтай таралған бұл індеттің алдын-алу мақсатында Үкімет және «НұрОтан» ХДП тарапынан көптеген жұмыстар дер кезінде қолға алынып, сақтық шаралары үдетілуде.
Бұл игі бастама карантин кезін үй жағдайында қалған халыққа үлкен көмек болғаны сөзсіз. Себебі, біраз адам жұмыстан шектеліп қалды. Көптеген жоспарлар кейінге шегерілді. Қазіргі күндері көпбалалы отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету, керек-жарақ құралдарын алу, дәрі-дәрмек жеткізу сияқты жәрдем түрлері көрсетілуде.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Біз біргеміз» бастамасын қолдап, қазіргі күнгі еліміздегі ахуалға байланысты алғашқы күннен ақ, филармонияның ардагерлеріне, көмек мұқтаж көптеген жандарға қол ұшын созып, жәрдем көрсетуде.
Біздің ұжымның қызметкерлері өз кезегінде халықтың өнерден қол үзіп қалмауы мақсатында онлайн режимде жұмыс жасап, тікелей эфирлер арқылы концерттер қоюда. Осындай шақта, бір ел, бір халық болып, бұл келген сынақты еңсеретінімізге бек сенімдіміз. Себебі біз халықпен біргеміз!

 

https://elbasy.kz/ru/news/2020-04/statya-pervogo-prezidenta-respubliki-kazakhstan-elbasy-kogda-my-ediny-my-nepobedimy