04 Июн 2020

4 маусым 2020
Басталуы сағат 18:00

Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің ҚР Рәміздер күніне арналған онлайн концерті.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева.

Концерттің бағдарламасы:
1. Нұрғиса Тілендиев «Ата толғауы». Орындайтын оркестр, дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева
2. Ермұрат Үсенов «Көңілді арбакеш». Солист Лариса Насретдинова
3. Кенжебек Күмісбеков «Биші қайың» Орындайтын оркестр.
4. Мыңжасар Маңғытаев «Концерттік күй». Орындайтын оркестр, дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзе
5. Сайраш – «Дархан дала». Солист Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзат Дәуірбаева
6. Қазақтың халық әні «Ахау, керім». Солист Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзат Дәуірбаева
7. Сүгірдің күйі «Бес жорға». Оркестрге түсірген Нұрғиса Тілендиев
8. Нұрғиса Тілендиев «Абай табиғаты». Солист Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзия Стамбек
9. Айтқали Жайымов «Отпан тау». Солист Азамат Шынаров
10. Нұрғиса Тілендиев «Атадан мұра – Нұрсұлтан». Орындайтын оркестр, дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева
11. Бекболат Тілеухан «Жерім менің». Солист Фархат Кубиев
12. Нұрғиса Тілендиев «Өз елім». Солист Фархат Кубиев