09 Июл 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус эпидемиясының өршуіне байланысты еліміздегі қалыптасқан ахуал мен атқарылып жатқан шаралар жөнінде Қазақстан халқына кезекті рет үндеу жасады.

Әлемді шарпыған ауыр індеттің біздің елімізде де күрт өршуі, қайтыс болған қандастарымыздың санының артуы баршамызды қатты алаңдатып отырғаны анық.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жағдайға орай шұғыл шараларды қолға алуды құзырлы органдарға тапсырып, халықты сабырлыққа, бірлікке, сақтық шараларын күшейтуге шақырды.

«Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын» — деді үндеуінде Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев.
Президент жарлығы бойынша 13-шілде пандемия құрбандарын аза тұту күні болып жарияланды.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ұжымы Қазақстан Президентінің үндеуін бірауыздан қолдай отырып, Еліміз бұл сын уақыттан өтіп, жаман індетті жеңіп, қиындықтарды еңсереді деп сенеміз.
Осы орайда, барша азаматтарды санитарлық талаптарды қатаң сақтап, ережеге бағынуға шақырамыз.