22 Сен 2020

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігі «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасын жүзеге асыруда.

Аталған жоба, оқушылардың адамгершілік және рухани дамуына, қазақстандық және әлемдік мәдениет пен өнер туралы шығармашылық құзыреттіліктері мен білімді игеруге, эстетикалық сезімді, Қазақстанның мәдени мұрасын құрметтеуге, қоғамда белгілі бір стандарттар мен нормаларды сақтауға бағытталған мәдени-білім беру алаңы болмақ және осы арқылы жастарға білім беруге қолжетімділігін қамтамасыз етудегі мәселелерді шешуге көзделіп отыр.