05 Ноя 2020

5 қараша, сағат 19:00-де

Н.Тілендиев атындағы  академиялық фольклорлы-этнографиялық «ОТЫРАР САЗЫ» оркестрі. КСРО халық әртісі НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВТІҢ 95 жылдық мерейтойына орай «ЖАН СӘУЛЕМ» маусымашар кеші.
_________________________
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ‼️
Сіздің денсаулығыңызды қорғау мақсатында Филармонияда бірқатар ережелерді ұстану қажет:
-Филармонияға тек медициналық бетпердемен кіруге рұқсат етіледі;
-Филармония ғимаратына кірер кезде міндетті түрде сіздің температураңыз өлшенеді. Егер қызуыңыз 37 градустан жоғары болса, сізді концертке кіргізбеуге мәжбүрміз;
-Кіре берісте және барлық залдардың кірер есігінде орнатылған санитайзерлермен қолыңызды өңдеу қажет;
-Залда отыру шахмат тәртібімен жүргізіледі.
_________________________

Бас дирижері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева.
Дирижерлар: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзе.

Жеке орындаушылар: халықаралық конкурстардың лауреаттары Фархат Кубиев (тенор), Балжан Жүнісова (қобыз), Рәния Айдын (шертер), Гаухар Жұмағұлова (шаңқобыз), Дінмұхамет Көшкінбай (тенор), Әсем Аубакирова (сопрано)

Бағдарламасы:
1. Н.Тілендиев «Ата толғауы». Орындайтын оркестр. Дирижер –Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева.
2. Н.Тілендиев «Әкеме», сөзін жазған Мұхтар Шаханов. Орындайтын – халықаралық конкурстардың лауреаты Фархат Кубиев.
3. Сүгірдің күйі «Бозінген», оркестрге өңдеген Н.Тілендиев.
4. Н.Тілендиев «Сарын». Орындайтын – халықаралық конкурстардың лауреаты, қобызшы Балжан Жүнісова.
5. Н.Тілендиев «Көш керуен». Орындайтын оркестр.
6. Құрманғазы «Қайран шешем», оркестрге өңдеген Н.Тілендиев. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков.
7. Н.Тілендиев «Ақиық». Орындайтын – шертерші Рәния Айдын
8. Тіленді Атабайұлы «Қабан жырау».
9. Н.Тілендиев «Дубосеково зиратында». Орындайтын – халықаралық конкурстардың лауреаты, әнші Фархат Кубиев.
10. Н.Тілендиев «Халық қуанышы».
11. Тіленді Атабайұлы «Сарыбай бидің желмаясы». Орындайтын оркестр. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзе.
12. Н.Тілендиев. «Туған күніңмен, мама!» Орындайтын – шаңқобызшы Гаухар Жұмағұлова
13. Н.Тілендиев «Аңсау».
14. Н.Тілендиев. «Анам сенсің, туған жер!» романсы. Орындайтын – әнші Дінмұхамет Көшкінбай
15. Н.Тілендиев «Менің бабам Қарасай»
16. Н.Тілендиев «Аққу». Орындайтын оркестр. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева.
17. Н.Тілендиев «Жан жарым», орындайтын – халықаралық конкурстардың лауреаты, әнші Әсем Әубәкірова
18. Н.Тілендиев «Жан сәулем», орындайтын – халықаралық конкурстардың лауреаты, әнші Фархат Кубиев.
19. Н.Тілендиев «Әлқисса». Орындайтын – халықаралық конкурстың лауреаты, күйші Айдын Жүнісов.
20. Н.Тілендиев «Махамбет» поэмасы.
21. Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Құстар әні».