02 Июн 2021

2-маусым күні сағат 14:30-да жас көрермендеріміз Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің орындауында Нұр-Ағаның күйлерімен «Апамның ертегілері» әлеміне саяхат жасап, «Домбыра туралы» аңыздың желісі бойынша лекция-концерттің премьерасын тамашалайды. Қазақ халқының ауызша әдебиеті мен ұлттық аспаптық музыка мәдениеті үйлесім тапқан бұл шара барысында балалар экрандағы бейнелер арқылы ертегі сюжетінің ғажайып көріністеріне куә болады және викториналық ойын өткізіліп, сыйлықтар беріледі.

«Отырар сазы» оркестрінің бас дирижеры және көркемдік жетекшісі — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева, дирижеры — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүслім Әмзе. Ертегіні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса және әнші Ажаркүл Тәжібай оқиды.

🎟 Билеттердің бағасы: 1200-1500 тенге
Билеттерді филармония кассасы мен тикетон онлайн сатып алу жүйесінен ала аласыздар👇🏻
https://m.ticketon.kz/show/2728786