Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 1935 жылдың 14 қаңтар күні құрылды. Филармонияның тұңғыш директоры және көркемдік жетекшісі болып аса көрнекті музыкатанушы ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның Халық әртісі,академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов қызмет атқарды.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы көп жылдар бойы Қазақстан Республикасы және Алматы қаласының мәдени орталығы болып келеді. Оған қала тұрғындары мен қонақтарының филармонияның шығармашылығына және концерттік бағдарламаларына деген өзгеріссіз қызығушылықтары дәлел. Филармонияның шығармашылық ұжымдары өз тараптарынан тыңдармандардың рухани қажеттіліктерін жоғарғы музыкалық классикалық өнер және халық шығармашылығы негізінде, Қазақстан және шет ел композиторларының өнерін насихаттау арқылы негізгі міндеттерін орындап келеді.

1935 жылдың 14 қаңтарында КазССР Совет Халық Комиссарымен қазақ музыкасы және қазақ поэзиясы шығармаларының рух берушісі – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. Филармонияның алғашқы көркемдік жетекшісі – көрнекті ғалым, көптеген шығармалар негізінде қазақ халық музыкасы туралы жазылған қызықты «Струны столетий», «Соловьи столетий» атты кітаптардың авторы – Ахмет Жұбанов болды.

Басында филармония қазақ ұлттық аспаптарын, қазақ хорын, би ансамблі және үлкен жеке орындаушылар – әншілер мен аспапта орындаушылар тобын біріктірді. Олардың құрамында республиканың Халық әртісі – Дина Нурпеисова болды. Көп кешікпей, филармонияның концерттік эстрадасына вокалдық лирика жаухары, 24 жасында қазақ әншілерінің ішіндегі атақты әншілердің бірі ретінде Кеңестер Одағының Халық әртісі атағын алған – Күләш Байсейітова келді.

А.Жұбановтан кейінгі филармонияға жетекшілік еткен адамдардың есімдері де музыкалық өнер тарихына енді, олар: Е.Брусиловский, Б.Байқадамов, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев, Б.Амангелдиев, Т.Ибраев, А.Даутбаев, Т.Альпиев, М.Өтеуов, К.Оразғалиев, А.Сұлтанғалиев.

Филармонияның алғашқы құрамында қазақ өнерінде аты аңызға айналған атақты күйшілер Дина Нұрпейісова, Қали Жантілеуов, Оқап Кабиғожин, әншілер Әміре Қашаубаев, Жамал Омарова, Ғарифолла Құрманғалиев,Күләш Бәйсейітова, Бибігүл Төлегенова, ағайынды Ришад және Мүслім Абдуллиндер сынды біртуар жарық жұлдыздары жиналып, қазақтың музыка өнерін шыңдады.

Қазіргі таңда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамында әлемге аттары әйгілі ұжымдар: Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, ҚР мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы, Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті аспаптар квартеті, мемлекеттік ағашты-үрмелі аспаптар квинтеті бар. Сонымен қатар, көрермендердіңыстық ықыласына бөленіп жүрген жеке орындаушылар: Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжан, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ғабит Несіпбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлер : Аида Аюпова, Нұркен Әшіров, Тимур Урманчеев және Жанар Сүлейманова,Ермек Құрманаев,Әмір Бисенғалиев, Ғалия Бисенғалиева, Ерлан Рысқали, Біржан Бәзілжан, Әділ Несіпбаев, Айжан Нұркенова, Гүлжан Үзенбаевалар қызмет етуде.