Аида Аюпова (скрипка)

Солистер

Аида Аюпова (скрипка) Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Күләш Бәйсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандырылған музыка мектебін профессор Н.М. Патрушеваның сыныбында оқып бітірді. 1993 жылдан бастап 1999 жылға дейін Вена консерваториясының әйгілі музыканты Д.Ойстрахтың, профессор А. Аренковтың сыныбында оқыды. 1996 жылдан бастап Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік фиалрмониясының жеке орындаушысы. Скрипкашы көптеген музыкалық фестивальдерге, конкурстарға қатысып, белгілі музыканттармен қызмет етті. 1985 жылы Республикалық скрипкашылар конкурсының лауреаты, 1990 жылы өңірлік скрипкашылар конкурсының лауреаты, «Содружество-90» Бүкілодақтық байқауының лауреаты, 1992 жылы Франциядағы «Шато де Корсильон» Халықаралық конкурсының лауреаты атанды. 2000 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасын, 2002 жылы «Тарлан» сыйлығын иеленді. 2001 жылы Халықаралық орындаушылардың шеберлік чемпионатына қатысып, Гран-При мен Алтын медалін және  2009 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті қорының сыйлығын алды. Сол жылы  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Ол елімізде және шет ел ареналарында жеке концерттерімен табысты өнер көрсетуде.

DSC_6818_