ДИРЕКТОР – Қаратаев Таир Нұрланұлы

chief

Өмірбаян 

Таир Нұрланұлы Қаратаев  1989 жылы 06 қазан күні Алматы қаласында дүниеге келген.

1996-2007 жылдары  К.Байсейітова атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған арнайы музыкалық мектебінде виолончель класы бойынша, 2007-2011 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша оқып бітірді.

Еңбек жолын 2008 жылы РМҚК «Казахстан Камератасы» оркестрінің әртісі қызметінен бастады.

2015 жылы  Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының Қазақстан Республикасы академиялық симфониялық оркестрінің әртісі қызметіне қабылданып, одан кейін оркестр инспекторы қызметін қоса атқарды.

2016 жылы гастрольдік-концерт қызметінің жетекшісі қызметіне ауыстырылды.

Оқу жылдарында бірнеше халқыралық және республикалық конкурстарға қатысып бірқатар жүлдері орындарға ие болды:

2005ж. Италияның Тортона қаласында өткізілген  Лоренцо Перроззи   атындағы  халықаралық конкурстың жулдегері  (I сыйлық);

2006ж. А.Бурибаев атындағы  бірінші Республикалық конкурстың лауреты

(виолончель, Ш сыйлық);

2008ж.  Ресейдің Новосибирск қаласында өткізілген  халықаралық конкурстың жүлдегері  (П сыйлық);

2010ж. Трио құрамында Ресейдің Мәскеу қаласында өткізілген халықаралық конкурста IV сыйлықтың дипломанты болды.