Ермек Құрманаев (виолончель)

Солистер

Ермек Құрманаев (виолончель) халықаралық байқаулардың лауреаты

П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын аяқтаған. Ресейдің халық артисі профессор Н.Шаховскаяның сыныбында оқыды. Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрмен жеке концерттерін қойып, филармониялық трио құрамында камералық музыканың көптеген концерттеріне үзбей қатысады, сондай-ақ  ол республика бойынша гастрольдік сапарға жиі шығады. Асқан шебер орындаушы, нағыз музыкант Е. Құрманаев қазақтың орындаушылық өнерін шет елдерде лайықты түрде танытуда. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы.

kurmanayev