Жанар Сулейманова (фортепиано)

Солистер

 Сулейманова Жанар Халеловна 

1992 жылы К.Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ фортепиано (педагогтары М.К. Даукеева және профессор Ж.Я. Аубакирова) және композиция (педагогтары Б.Т. Аманжолов және профессор Г.А. Жубанова) сыныптары бойынша алтын медальмен аяқтады. 1997 жылы Гнесиндар атындағы Россиялық музыкалы академиясын (профессор А.Г.Севидовтың сыныбы) және 1999 жылы – П. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (педагогтары профессор Н.В. Трулль және профессор Е.Р.Рихтер) аяқтады. 1992 жылы Ресей Халықаралық мәдениет қоры мен бейбітшілік қорының «Новые имена» стипендиясын иеленді. 1997-1999 жылдарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері болды. 2006-2007 жылдардың күзі-қысында Дж. Верди атындағы Милан консерваториясында итальяндық стипендия бойынша стажировкадан (профессор П. Бордонидің сыныбы) өтті. Филармонияда жұмыс жасаған жылдарда Германия мен Италияның белгілі профессорларынан мастер-сыныптарынан бірнеше рет өтті. 2008 жылдың көктемінде Мәскеуде Е.Рихтер мен А.Севидовадан сабақ алған.

Мектеп жылдарынан бастап Қазақстанның көптеген концерт залдарында,  ғылыми-зерттеу институттарынан, мектептерінен бастап, Республиканың беделді залдарына дейін өнер көрсетті. Республикалық байқаудың (1990) бірінші премияларының, Ташкенттегі Аймақтық байқаудың (1991) лауреаты. АҚШ, Оңтүстік Миссуриде (1992) өткен пианисттер байқауының дипломанты (6 финалисттердің бірі). Италия (Лигурия, 2000 ж. тамызы) өткен «Пальма д. Оро» пианисттер байқауында финалист дипломы мен Күміс медалін иеленді. Франция, Орлеан қаласында(2014 ж.) өткен пианисттер халықаралық байқауының Рикардо Винес атындағы премиямен марапатталды. Көп мәрте Ресей (Петербург, Москва), сондай-ақ Италия және Германия (Мюнхен (филармония залы)), Миттенвальд, Бавария және Италия сарайлары, Меран, Милан, басқа қалалар) концерт залдарында өнер көрсетті.

2000 жылдың қаңтарынан бастап Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисті болып табылады. Филармонияда жұмыс жасаған жылдарында тек жеке концерттерін беріп ғана қоймай, сонымен қатар оркестрлермен солист ретінде, сондай-ақ аспаптардың түрлі құрамындағы камералық ансамбльмен (әртістер Л. Попова, А. Аюпова, А.Бисенгалиев, Ю. Лукичев,Т. Исенов және т.б.) өнер көрсетті. Ғ.Жубанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетімен, Мемлекеттік ағаш үрмелі аспаптар квинтетімен бірнеше рет өнер көрсетті. Келесі оркестрлермен бірге жұмыс жасады: ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрмен, Қарағанды симфониялық оркестрмен, Астана қаласындағы К.Байсеитова атындағы Ұлттық опера және балет театрымен жұмыс жасады. Келесі дирижерлармен бірге жұмыс жасады: Төлепберген Абдрашевпен, Рашид Скуратовпен (Ресей, Татарстан), Кристоф Мангумен (Франция), Ваг Папянмен (Израиль), Канат Ахметовпен, Ерболат Ахмедьяровпен, Арман Уразгалиевпен және т.б. 2004 жылы композитор Жером Комбьемен (Франция) бірге жұмыс атқарды. Бірнеше рет Франция, Венгрия, Италия, Польша елшіліктерімен бірлесе отырып, мәдени жобаларға қатысты, Венгрия, Польша және Италия елшілерінен алғыс хаттар алды.

Репертуарында 40-тан астам автордың 200 астам шығармасы бар, оның ішінде – бір авторға арналған жеке бағдарламалар (Моцарт, Бетховен, Шопен, Шуман, Лист, Брамс, Чайковский, Прокофьев, Дебюсси).  130 астам жеке концерт берді. Репертуарында түрлі дирижерлармен концерттерде орындалған оркестрмен фортепианоға арналған 15 концерті бар (Гайдн, Моцарт, Бетховен, Шопен, Шуман, Лист, Брамс, Сен-Санс, Чайковский, Аренский, Прокофьев), 2011 жылы Жанар Сулейманова «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдығы» медалімен марапатталды. 2012 жылдың 5 қыркүйегінде, А. Байтұрсыновтың 140- жылдығына аранлған жеке концерті күні оған ҚР жоғарғы оқу орындары қауымдастығы атынан Күміс медаль тапсырылды. 2017 жылы Жанар Сулейманова Венгрияның Үкіметінің “Pro Cultura Hungarica” жоғары премиямен марапатталды.

Жанар Сулейманованың концерттік қызметі туралы республикалық, шетелдік (АҚШ, Италия, Германия) баспасөз құралдарында көптеген мақалалар жарияланды,  Қазақстандық теледидар және радиосының жазбалары, екі фильм-концерт (1992 және 2002), Мәскеудегі «Мир» телекомпаниясының жазбалары жарияланды. Жанар Сулеманова түрлі республикалық мерзімдік басылымдарда түрлі тақырыптардағы мақалалар мен интервьюлердің авторы («Новая эра», «Семь нот» журналдары, «Новое поколение» газеті). М.Х.Сулейманов және А.Голубевпен бірге «Ильяс Омаров. Жизнь и философия» кітабінің авторы.

SONY DSC