КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІ – Амантай Берғалиев

Басшылық

Берғалиев Амантай – 06.08.1958 жылы Жарсуат селосы, Индер ауданы, Атырау облысында дүниеге келген.

1975ж. Жарсуат селосында Махамбет атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, 1975-1979ж.ж. Алматы вокалды-хор студиясын “Хор әртісі” және 1980-1985ж.ж. Алматы халық шаруашылық институтын “Экономист” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1979-1984ж.ж. Абай атындағы опера және балет театрының хор әртісі қызметінен бастап, 1985-1989ж.ж. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отрар-Сазы» оркестрінің бас әкімші қызметін атқарған.
1989-1996ж.ж. “Қазахконцерт” өнер ұжымында «Дос-муқасан» ансамблінің, Р.Рымбаеваның директоры болып жұмыс жасаған.
1996-1998ж.ж. Ғылым академиясының Ғалымдар үйінің директорының орынбасарының нұсқаушы және 1998-2002ж.ж. Алматы облыстық филармониясының бас әкімшісі болған.
2002-2006ж.ж. Мемлекеттік қуыршақ театры директорының орынбасары және 2006-2012ж.ж. Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының гастрольді-концерттік басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2012-2013ж.ж. Мемлекеттік қуыршақ театры директорының орынбасары, 2013-2015 ж.ж. Алматы хайуанаттар бағы директордың орынбасары, 2015 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының гастрольдік-концерттік қызметінің жетекшісі жұмыстарын жасаған.

2016ж. Облыстық ғылыми – әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының басшысы болып тағайындалған.

2017ж. Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының Медициналық орталығының «Алматы» шипажайы акционерлік қоғамының маркетинг, жарнама және сату бөлімінің басшысы болған.

2017 ж. Академиялық Д.Нұрпейісова атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының бас режиссері болды.

2018 ж. қазан айынан бастап Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының көркемдік жетекші қызметінде.

2012 жылы Қазақстан Республикасының “Мәдениет қайраткері” төс белгісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл” және «Алматы қаласы Медеу ауданына 75 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

2015 жылы Атырау облысы, Индер ауданының “Құрметті азаматы” және 2017 жылы “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағы берілген.