Нұркен Әшіров (домбыра)

Солистер

Нұркен Әшіров (домбыра) Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері. А.Жұбанов атындағы Республикалық мамандырылған музыка мектеп-интернатын домбыра мамандығы бойынша профессор А.Тоқтағанның сыныбында аяқтаған. 2006 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын үздік бітірген. 2012 жылы аталған консерваторияның магистратурасын дирижерлық мамандығы бойынша ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент Н.Жарасовтың сыныбынан үздік аяқтаған. Қазіргі кезде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы. Ол қазақтың барлық күйшілік мектебін жете меңгерген Қазақстандағы бірегей орындаушы. Ол – қазақ күйінің соңғы асқары Қ.Ахмедияровтың ізін жалғастырушы, қазақ домбырасының бүгінгі жас жаршысы. Оның орындауындағы әлем классиктерінің шығармасы асқан виртуоздық шеберлігінің арқасында тыңдаушысын үнемі таңдай қақтырады.

96058007dfb2a62caf91efaca3dd7acc