img_3080

Таир Каратаев

Руководство

img_3080         

Таир Нұрланұлы Қаратаев  1989 жылы 06 қазан күні Алматы қаласында дүниеге келді.

1996-2007 жылдары  К.Байсейітова Республикалық атындағы дарынды балаларға арналған арнайы музыкалық мектебінде виолончель класы бойынша, 2007-2011 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша оқып бітірді.

         Еңбек жолын 2008 жылы «Камерата Казахстана» РМҚК оркестрінің әртісі қызметінен бастады.

         2015 жылы  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясына ҚР Академиялық симфониялық оркестрінің әртісі қызметіне қабылданып, кейін оркестр инспекторы қызметін қоса атқарды.

         2016 жылы гастрольді-концерттік қызметінің жетекшісі қызметіне ауыстырылды. Қазіргі күні директор орынбасары қызметін атқарады.

Оқу жылдарында бірнеше халқыралық және республикалық конкурстарға қатысып бірқатар жүлдері орындарға ие болды:

         2005ж. Италияның Тортона қаласында өткізілген  Лоренцо Перроззи   атындағы  халықаралық конкурстың жулдегері  (I сыйлық);

         2006ж. А.Бурибаев атындағы  бірінші Республикалық конкурстың лауреты (виолончель, Ш сыйлық);

         2008ж.  Ресейдің Новосибирск қаласында өткізілген  халықаралық конкурстың жүлдегері  (П сыйлық) ;

         2010ж. Трио құрамында Ресейдің Мәскеу қаласында өткізілген халықаралық конкурста IV сыйлықтың дипломанты болды.