makpal_resized

Тоқтағанова Мақпал

Солистер

makpal_resized

Тоқтағанова Мақпал Қазыбекқызы, 1985  жылы Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында дуниеге келген.

2002 жылы А. Қарсақбаев атындағы орта мектепті бітіріп, 2002-2005 жылдары Ж. Елебеков атындағы эстрадо-цирк колледжінде білім алған.

2006-2010 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын тамамдаған.

2011-2013 жылдары «Гүлдер» ансамблінде  жұмыс істеген.

2012 жылы «Ыстық Көл – 2012» еларалық фестивалінің Дипломанты,

2008 жылы «Заман-ай» атты жыршы-термешілер конкурсының Лауреаты болды.

Мәдениет пен өнерді дамыту саласындағы көп жылғы жемісті еңбектері үшін 2012 жылы  Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталған.

2007 жылы Украинаның Одесса қаласында, 2008 жылы Германияның Штудгард қаласында, 2012 жылы Францияның Париж қаласында, 2013 жылы Қытайдың Урімші қаласында, Белоруссияның Минск қаласында, 2015 жылы Францияның  Ницца қаласындағы “Алматы  күндері” аясындағы іс-шараға,
2016 жылы Сербияда Жамбыл Жабаевтың ескерңткішінің  ашылуы салтанатында және басқа да көптеген шет аймақтарда гастрольдік іс-сапармен болып, дәстүрлі өнерді өз деңгейінде насихаттады.