Габит Несипбаев

Ғабит Несіпбаев (орган)

Солистер

Ғабит Несіпбаев (орган) Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы. П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессор Л.И. Ройзманның орган сыныбы бойынша және профессор Г.Мирвистің фортепиано сыныбы бойынша түлегі. Ғ. Несіпбаев 1983 жылдан бастап қарқынды концерттік қызмет жүргізіп келеді. Ресей, Украина, Белоруссия, Эстония, Латвия, Литва, Молдава, Грузия, АҚШ және Оңтүстік Кореяға гастрольдік сапарлармен барды. Ол Қазақстанда «Барокко», «Классицизм», «Романтизм», «Орган в ансамблевом музицировании» сияқты филармониялық тақырыптық концерттік циклдердің тәжірибесін тұңғыш және бір өзі бастаған органист болып табылады. Ғ. Несіпбаев И.С.Бахтың бүкіл органдық шығармалары кіретін орасан зор орындаушылық репертуарын меңгерген. Қазақстанда тұңғыш рет 1992-1994 жылдары 15 концерттік бағдарламалар циклін орындады. Ежелгі батыс-еуропалық шеберлердің, XIX ғасырдағы композиторлардың және замануи авторлардың шығармаларын орындайды. Ол сондай-ақ, қазақ және қырғыз өлеңдерін өңдеу бойынша жемісті шығармашылық жұмыс жүргізуде. 1995 жылы Абай өлеңдерінің органға ыңғайланған жинағы шықты. Қазақ және Ресей радио және теледидарының қорында жазбасы бар.

Габит Несипбаев