Ғалия Бисенғалиева скрипка

Солистер

Ғалия Бисенғалиева (скрипка) халықаралық байқаулардың лауреаты

 

Бес жасынан бастап К. Байсейітова атындағы республикалық арнайы орта музыка мектебінде профессорлар А.А. Абатова, Н.М. Патрушеваның скрипка сыныбында оқып бастады. 12 жасында Корольдік Жастар Музыка Академиясының грантын жеңіп алды және бір мезгілде Англияның солтүстігінде Денстон Колледжінде оқиды. Ол көптеген конкурстардың лауреаты, Стаффордшир графствосының 2004 жылғы Музыканттар фестивалінің жеңімпазы болып жарияланды. Ғалия англиялық әнқұмарлардың сүйіктісі, нағыз талғампаз және беделді аудиториялардың сүйікті қонағы. Қазіргі уақытта Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы Ғ.Бисенғалиева белсенді концерттік қызмет атқаруда.

Ол Музыка Академиясының Корольдық симфониялық оркестрі, «Opera Simfonia», Лондондық жастар оркестрі, Шефильд камералық оркестрі, ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, Батыс-Қазақстандық Филармониялық оркестрі, Сэр Колин Девис, Ян Паскаль Тортилиер, М.Элдер, Т. Пинок, Ф.Мансуров, А. Анисимов, В.Ашкенази, И.Уидлер, Е. Бушков, Р. Салаватов, В. Папян сияқты ұлы дирижерлардың басшылығымен Үндістанның симфониялық оркестрінің концертмейстерімен жемісті қызмет етеді. Владимир Спиваков, А.Павлович, С.Розенберг, Т.Литтл, М.Бисенгалиев, Т.Брандис, Г.Пауктің шеберлік сыныптарына қатысты.

galiya_bisengalieva