Әділ Несіпбаев орган, рояль

Солистер

Әділ Несіпбаев (орган, рояль) халықаралық байқаулардың лауреаты

%d0%b0%d0%b4%d0%b8%d0%bb%d1%8c-%d0%bd%d0%b5%d1%81%d0%b8%d0%bf%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2

Әділ Несіпбаев 1982 жылы 2 қарашада Алматы қаласында музыканттар отбасында дүниеге келген. 1990-2001 жылдары К.Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінің фортепиано класында оқыған. Мектепті үздік бітіргеннен кейін 2001-2006 жылдары Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда оқуын фортепиано мамандығы бойынша жалғастырып, сонымен қатар орган класында да оқыды. Консерваторияны тамамдағаннан соң осы оқу орнында ассистентура-стажировкадан өткен.

Қазіргі таңда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Фортепиано» кафедрасының аға оқытушысы. Ол Египет пен Германияда өткен Қазақстан мәдениеті күндерінде, Қазақстанда және шет елдерде фортепиано мен орган музыкалық форумдарында, Швейцарияда фортепианодан өткен М.Аргерих фестивалінде өнер көрсеткен.Фортепиано музыкасының Халықаралық конкурстарының лауреаты (2000, 2008).