Әміржан Бисенғалиев скрипка

Солистер

Әміржан Бисенғалиев(скрипка) халықаралық байқаулардың лауреаты

 

Ә.Бисенғалиев бес жасынан бастап профессор Н.М. Патрушеваның сыныбына қабылданды. Жас скрипкашы сахнаға тұңғыш рет тоғыз жасында шығып, Жамбыл атындағы филармонияның сахнасында симфониялық оркестрімен алғашқы рет өнер көрсетті. Одан кейін түрлі конкурстар мен фестивальдарда жеңістерге жетті. А.Жұбанов атындағы І халықаралық фестивалі, «Айналайын» жас таланттардың халықаралық фестивалі, Қырғызстандағы «Мээрим» І халықаралық фестивалінің лауреаты және Новосибирскідегі  «Юные дарования Сибири» және Алматыдағы М.Стихардж атындағы халықаралық конкурстардың лауреаты болды. 1988 жылы педагог Эммануил Хервитцтің ұсынысымен Ә.Бисенғалиев оқуын жалғастырды.

Бастапқыда ол өзінің ағасы Марат Бисенғалиевтен сабақ алды және оның жетекшілігімен Derby Arts, Wharfedale Musiс конкурстарының жеңімпазы болды, Хаддерсфилд қаласындағы Мrs. Sunderland Competetion конкурстарында соңғы жүз жылдағы ең жас жеңімпаз болып саналды. Ірі халықаралық Уэльстегі «Llangollen International Musical Eisteddfod» фестиваліне қатысты (Алтын медаль және «Инструменталист 1999» атағы). «Black Box” дыбыс жазу компаниясынан 2000 дана жеке компакт дискісін жазып шығарды. Ә.Бисенғалиев сол жылы Лондонға алғаш ресми сапармен келген Қазақстанның Президентіне өнер көрсетті.

Түрлі әлем елдерінің ең таңдаулы жас орындаушылары қатысқан «Young World»  концерттік турына қатысты. 2002 жылы ханзада Чарльздің патронажымен Г. Персел атындағы музыкалық мектепке түсті, профессор И. Рашковскийде оқыды. Келесі жылы ханзада Чарльздің алдында Парижде ЮНЕСКО-ның Гала концертінде жеке орындау құрметіне ие болды. Израильде «Keshet Elion» шеберлік курстарына қатысты, аңызға айналған скрипкашылар Ида Гендель мен Шломо Минцтан сабақ алды. 2005 жылы Ә.Бисенғалиев Корольдық Музыка Колледжіне түсіп, «Болашақ» Халықаралық Бағдарламасының шәкіртақысын алды. Оның Лондондағы ең таңдаулы «Hall The Philarmonia» оркестрімен бірге қойған «Royal Festival» концертінде атақты итальяндық шебер Гварнери дель Джезудің скрипкасында ойнады. Италия, Америка, Ресейде шеберлік курстарын өткізді және Грекия мен Египетте жеке өнер көрсетті.

amir_bsnglv