Әшім Оңайбеков (скрипка)

Солистер

Әшім Оңайбеков (скрипка) республикалық байқаулардың дипломанты

1987 жылдан бастап Алматы қаласының №3 музыкалық мектебінде скрипка мұғалімі О.Н. Данилованың сыныбында білім алды. 1995-1999 ж.ж. ол К. Байсейітова атындағы республикалық музыкалық колледжде оқыған. Қазақ ұлттық музыка академиясына скрипка (Р.Мұсаходжаева) және композиция (Т.Мұхамеджанов) мамандықтары бойынша бітірді. 2010-2012 жылдары Қазақ Ұлттық өнер университетінде оқып, музыка ғылымдарының магистрі дәрежесін қорғады. (Ұстазы- А. Байсақалов, ғылыми жетекшісі – Г. Абдрахман) Әшім Оңайбеков екі скрипкаға, ішекті квартет, үрлемелі ансамбльдерге арналған көптеген музыкалық шығармалардың авторы. Өзінің композиторлық шығармашылығы үшін ол 2008 жылы «Астана-Бәйтерек» байқауының дипломанты атанды.

DSC_3604