gulgan_uzenbaeva

Үзенбаева Гүлжан

Солистер

dsc01295-1-1

Үзенбаева Гүлжан Еркінқызы 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын фортепиано и композиция сыныбы бойынша үздік аяқтады.

Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы. Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның арнайы фортепиано кафедрасының доценті, сазгер, пианист,  Халықаралық байқаулардың 1 сыйлығының лауреаты, ҚР Композиторлар одағының мүшесі.

«Ильхом-ХХ» Халықаралық заманауи музыка фестивалі (Ташкент. 1999);

Пабло Казальс атындағы камералық музыка фестивалі (Франция. 2002);

«Наурыз ХХI» Халықаралық жаңа музыкалардың фестивалі (Алматы. 2003, 2008);

Алматы қаласында С.Рахманинов, Л.Бетховеннің (2007), П.Чайковский, Ф.Шопеннің (2008) Австриядағы Бетховеннің (2009) музыка фестивальдарына қатысқан.

Жеке орындаушы, камералық ансамблист, жеке шығармаларының авторы ретінде табысты өнер көрсетіп жүр және әйгілі отандық және шетелдік музыканттар, Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, Мемлекеттік камералық «Камерата Казахстана» оркестрі  және  «Академия солистов», ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрлерімен бірлесіп қызмет етеді.

Үзенбаева Гүлжан түрлі жанрдағы көптеген шығармалардың авторы. Олардың ішінде оркестрмен фортепианоға арналған концерт, «Миржан» балеті, оркестрмен виолончельге арналған концерт, скрипка мен фортепианоға арналған соната, камералық оркестрдің туындылары, фортепианоға арналған «Фантазия», ішекті оркестрге арналған  «Жарыс» күйі, органга арналған  «Фантазия», фортепиано және камералық оркестрге арналған «Ғасыр елесі» эпикалық картинасы және басқалар бар. Оның шығармалары республиканың жетекші музыканттары мен ұжымдарының репертуарына енді, Ұлыбритания, Италия, Түркия, Қытай, Швейцария, Австрия, Испания, Литва сияқты алыс және жақын шетелдік сахналарда орындалды.

Г.Е.Үзенбаева өзінің  орасан еңбегімен  қазақ музыка өнерін, оның ішінде классикалық музыканың шебер туындыларын насихаттау мен дамытуға  қомақты үлес қосып жүрген өнер иесі.