zamdir

Абаханов Искаир Джардемович

Руководство

ӨМІРБАЯН

 

Абаханов Есқайыр Жәрдемұлы – 1959 жылы 26 қаңтар  күні Орал облысы, Орда ауданы, Сайхин бекетінде дүниеге келген.

1974-1980 жылдары Орал Мемлекеттік музыкалық училещесінде хор дирижерлық пәні бойынша білім алған.

2009 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің музыка мамандығын бітірген.

1980 жылы Қаз ССР Халық әртістері Рабиға Есенжанова және Мағауия Хамзинмен бірге Қазақконцертте «Балбырауын» ансамблінің аспапшы әртісі, ал 1981 жылы Кеңестер Одағының Халық әртісі Роза Бағланованы сүймелдейтін музыкалық топтың аспапшы әртісі ретінде қызмет атқарған.

1981 – 1983 жылдары Совет әскері қатарында Краснознаменный Орта Азиялық  әскери аймақтық «Песни и пляски» ансамблінің жеке әншісі болды.

1983-1988 ж.ж. «Дос-Мұқасан» ансамблінде бас гитара аспабында, кейін Қазақконцертте ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова басқарған «Назерке» ансамблінің аспапшы әртісі ретінде қызмет етті.

1992 ж. «Гүлдер» ансамблінің бас администраторы қызметін атқарды. 2000 жылдан бері «Дос-Мұқасан» ансамблінің аспаптық орындаушысы.

2008 жылдан бері Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» және 2014 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.