Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі

Ұжымдар

tlen

1982 жылы 2 қазанда құрылған Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрі қазақтың ұлттық музыка аспаптарының аса бай жинағымен танысуға мол мүмкіндік береді. Баға жетпес мәдени мұра болып есептелінетін қазақтың музыкалық аспаптары біздерге ғасырлар қойнауынан жетіп отыр.
tlen2

«Отырар сазы» оркестрінде байырғы қазақ аспаптары – домбыра мен қобыздан басқа да, жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай мен сазсырнай, сыбызғы, сондай-ақ ұрмалы аспаптар – асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау, қайрақ үн қатады. Осындай дыбыстардың алуан түрлілігі оркестрге ұлттық фольклордың бай төлтума үлгілерін кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді.

Оркестрдің алғашқы бас дирижері – Халық Қаhарманы, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев еді. Қазақтың біртуар ұлы, аса дарынды күй өнерінің шебері, музыка өнерінде қайталанбас із қалдырған Нұрғиса Тілендиев ұжым алдына биік мақсаттар қойып, оркестрді ірі драмалық ойларды жеткізе алатын, мүмкіндігі кең ұжым қатарына көтерді.

Бүгінде ұрпақтар сабақтастығын паш етіп, оркестрге Н.Тілендиевтің қызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері  – Динара Тілендиева жетекшілік етеді. Дирижерлары – Мүсілім Әмзе, ҚР еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков. Оркестр Қазақстанның қалаларында ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шет елдерде – Иракта, Мароккода, Вьетнамда, Солтүстік Кореяда, Германияда, Испанияда, Түркияда, Сауд Аравиясында, Иорданияда және басқа да көптеген елдерде концерттер берді.

1996 жылы «Отырар сазы» оркестрі Жамбыл атындағы халықаралық қор сыйлығының лауреаты болды. Ұжым қазақтың музыкалық фольклорының үздік үлгілерін сақтап қана қоймай, оларды қазіргі заманғы дыбыс үйлесіміндегі үнмен және оркестрдің бай тембрлік-бояулық мүмкіндіктерімен орындалған жаңа өңдеулермен жетілдіріп отырады.

  • Т. Каракожаева Заслуженная артистка РК
  • М. Қазтұрғанова Народная артистка РК
  • Е. Әбілдаев Заслуженный артист РК
  • Е. Құсайынов Лауреат международных конкурсов
  • Д. Тілендиева Заслуженная артистка РК
  • Г. Пржанова Заслуженная артистка РК
  • Академический фольклорно-этнографический оркестр им. Н.Тлендиева "Отрар Сазы"