Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі

Ұжымдар
Фуат Мансуров

Фуат Мансуров – Қазақстанның, Ресейдің және Татарстанның Халық әртісі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің ұйымдастырушысы, алғашқы дирижеры, басшысы болып Қазақ КСР-нің, Ресейдің, Татар АКСР- ның Халық әртісі Фуат Шәкірұлы Мансұров болып, оның есімі осы ұжымның тарихына алтын әріппен жазылды.

kaz_ssr_ork

ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің  Қазақстан композиторларының жаңа туындыларын насихаттауда ролі ерекше. Оркестр мыңдаған көрермендерді орындау шеберлігімен  баурап, симфониялық музыкаға деген сүйіспеншілігін оятты.

Қазіргі таңда оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижерінің міндетін атқарушы Қанат Омаров, дирижері – Мүсілім Әмзе.

Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі өзінің өсу, өну жолында үлкен де күрделі шығармашылық кезеңдерден өтті. 1958 жылы ол Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының құрамына кіріп, тыңдарман назарына симфониялық музыканың ең үздік үлгілері мен жанды да сәнді дауысын әкелді.

Ұзақ уақыт аралығында ұжымды белгілі музыканттар -Виктор Яковлев, Илья Островский, Шамғон Қажығалиев, Ғазиз Дұғашев, Тимур Мыңбаев, Ренат Салауатов, Төлепберген Әбдірашевтер басқарды. Дирижерлық пультта Л.Гинзбург, А.Кац, К.Элиасберг, М. Плетнев, Й.Домаркас сынды атақты дирижерлар тұрып, олардың әрбіреуіне оркестр өзінің дамуындағы жаңа сатыға көрерілгені үшін қарыздар. Ұжыммен шығармашылық қызметтес болған әйгілі орындаушылардың бәрін атау мүмкін емес, дегенмен кейбіреулерін атап өткен жөн болар: С.Рихтер, Л.Оборин, Н.Петров, В.Крайнев, Г.Кремер, М.Ростропович, Д.Шафран, Н.Шаховская, И.Архипова, В.Пьявко, В.Норейка, М.Биешу, Ю.Мазурок, Г.Аксельрод, А.Ведерников, Р.Керер, А.Гаврилов, Д.Шаповалов, М.Майский, Г.Муржа, Л.Тимофеева, Н.Труль және басқалары.

Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің қазақстан композиторлардың жаңа туындыларын насихаттаудағы рөлі ерекше екенін және оркестрдің композиторлармен шығармашылық байланысының бұрыннан қалыптасқан дәстүрі бүгінге дейін үзіксіз жалғасып келе жатқанын баса айтқанымыз жөн.

 

Оркестр қатысушылары

 

  • Д. Ремизов (валторна) Артист оркестра
  • В. Кадыров (фагот) Артист оркестра
  • Х. Жумакенов (флейта) Лауреат международных конкурсов
  • Т. Ткишев (гобой) Заслуженный артист РК
  • А. Каньшин (кларнет) Заслуженный артист РК
  • А. Кармысова (скрипка) артистка оркестра
  • Я. Мавриди Концертмейстер оркестра
  • С. Бисенгалиев Концертмейстер оркестра Лауреат международных конкурсов