Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі

Ұжымдар
Қ. Ахметов Заслуженный деятель РК Художественный руководитель и главный дирижер

Қ. Ахметов

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі.

ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі 1990 жылы құрылды. Бұл  оркестр өзінің тамаша орындаушылық шеберлігімен қазақ композиторларының біршама туындыларын әлемдік тыңдармандар назарына іліктірді. Бүгін оркестрде музыка әлеміне кеңінен таныс белгілі музыканттар мен талантты жастар жұмыс істейді. Бұл жағдай ұжымға өзінің кәсібилігін үнемі көтеріп отыруға, сол арқылы орындаушылық шеберлік биігінен көрінуге мүмкіндік береді. Оркестр музыканттарының жартысының  көбі – республикалық және халықаралық байқауларының лауреаттары, дипломанттары.

Оркестр 200-ден астам концерттік бағдарламаларды дайындап, олардың ішінде «Елдер мен континенттерді аралағанда», «Маусым қонағы», жастарға арналған «Айналамыздағы музыка», Қазақстан композиторларының авторлық концерттері және т.б. тыңдарман назарына ұсынды. 30-ға тарта отандық композиторлар партитуралары Европа елдерінің баспаларында жарық көрді. Сонымен қатар, Мемлекеттік үрмелі оркестрдің компакт-дискілері Вена мен Тайваньда, біздің елде шығарылды. Үрмелі оркестрмен өнер көрсеткен Ресей, Алмания, АҚШ, Франция, Англия, Қытай елдерінің белгілі дирижерлары мен музыканттары оның биік кәсібилігін, мінсіз таза интонациясын және аспаптардың виртуоздық түрде меңгерілгенін, барлық топтардың жарасымдық үндестігін, дыбыс тембрінің байлығын, репертуарының кеңдігін мойындайды.

Ұжымның көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор,  Үрмелі оркестрлер мен ансамбльдерінің дүние жүзілік Ассоциациясының, Тромбонистердің халықаралық ассоциациясының мүшесі, Азия және Тынық мұхит мемлекеттерінің үрмелі аспаптар жетекшілері Ассоциациясының мүшесі – Қанат Ахметов және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, полковник, Азия және Тынық мұхит мемлекеттерінің үрмелі аспаптар жетекшілері Ассоциациясының мүшесі, дирижер Александр Беляков.

 

  • А. Беляков (дирижер) Заслуженный деятель РК
  • Т. Джартыбаев (дирижер)
  • К. Уважанов (контрабас) менеджер оркестра
  • Группа флейт: концертмейстер – Е. Нургалиев, Ж. Курманов, Е. Акбаев, Д. Рыскельдиев
  • Группа баритонов и туб: концертмейстер – А. Исалиев, И. Матвиенко, А. Василов, В. Штода, О. Духнов, К. Меденов
  • Группа ударных инструментов: концертмейстер – Б. Шотанбаев, В. Тихонов, Ж. Тельгожаев, А. Хамитов, Д. Егешев, Б. Сагимбеков, К. Ахметов
  • Группа кларнетов: концертмейстер – Б. Шакенов, А. Исаев, К. Бекишев, Б. Абдрашев, Я. Подгурский, Б. Жакупов, К. Джакубалиев, А. Егоров, А. Курмангалиев
  • Группа саксофонов: концертмейстер – И. Шубин, А. Сафонов, А. Глотов, А. Бухарбаев, П. Серебряников
  • Группа тромбонов: концертмейстер – М. Бисенгалиев, С. Коханов, Н. Дуйсенбай, Д. Мухаметжанов
  • Группа труб: концертмейстер – Н. Янчиков, В. Тарановский, Д. Бердыгулов, С. Андаспай, А. Юденков, Е. Бейсембаев, М. Жетыбаев
  • Группа валторн: концертмейстер – В. Тимошенко, Б. Карибаев, В. Иванов, Т. Кульджанов, И. Акулов, Ф. Аджиев, Г. Денисов, А. Жанболатов