Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы

Ұжымдар

Республикаға еңбегі сіңген ұжым, Бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанған Мемлекеттік хор капелласы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамына 1935 жылы кірді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов қызмет атқарады

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов қызмет атқарады

Алғашқы уақытта композитор Дмитрий Мацуциннің басқаруымен бұл ұжым кішігірім, аралас хор болса, қазіргі уақытта Хор капелласымемлекеттік дәрежеге көтерілді.

Бүгінгі таңда капелланың репетуарына хорға өңделіп түсірілген халық әндері, сондай-ақ шығармалардың ірі түрлері –сюита, поэма, кантата, және ораториялар енген. Бір сөзбен айтқанда, Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының репертуарында шет ел классиктерінің мен еліміздің  тамаша композиторлары М.Төлебаев, Б. Байқадамов, Е. Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, М. Сағатов, С. Мұхамеджанов, Қ.Қожамияров, М.Маңғытаев, Ж.Тұрсынбаевтың шығармалары берік орын алған. Осындай шығармашылық – көркемдік әлеуеті биік капелла ұжымына Қазақстанда ғана емес, шет ел сахналарында да өнер көрсетуге мол мүмкіндік берді.

1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның Өнер онкүндігінде 300 адамдық хор табысты өнер көрсетті. Ал, 1939 жылы ақпан айында республика үкіметінің қаулысымен осы аталған хор ұжымы Қазақтың мемлекеттік хор капелласы болып қайта құрылды. Алғашқы кезеңде хор капелласына Борис Лебедев, Латиф Хамиди, Борис Орлов, Бақытжан Байқадамов, Галина Виноградовалар жетекшілік етті. 1959 жылдан 1991 жылға дейін хор капелласын КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Анатолий Васильевич Молодов басқарды. Ал, қазіргі уақытта капелланың көркемдік жетекшісі және бас дирижері болып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов қызмет атқарады.