Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті

Ұжымдар

Untitled-2dsc_0007

Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті 1997 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Моцарт атындағы Еуропалық музыка академиясының түлегі, профессор Жанат Ермановтың жетекшілігімен  құрылды. Бұл ұжым Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамына 2004 жылы кірді. Квинтет концерттерінде Қазақстан композиторларының шығармаларын және дүние жүзінің композиторларының туындыларын тыңдауға болады. 2016 жылы «BELBRAND AWARD» халықаралық музыкалық сыйлығының лауреаты атанды.

Музыканттар өзінің тыңдаушыларына түрлі дәуірлер мен стильдердегі композиторларының туындыларынан рухани ләззат алуға мүмкіндік береді. Ж.Ермановтың квинтетке нұсқалап жасаған қазақтың халық музыкасы үлкен ілтипатпен қабылданады. Квинтет концерттерінде Б.Баяхуновтың, Ә.Бестібаевтің, Б.Қыдырбектің, Қ. Шілдебаевтің, Б.Аманжоловтың, Е.Андосовтың және көптеген қазақстандық композиторлардың шығармаларын жиі тыңдауға болады.

Квинтет артистері республикалық, аймақаралық және халықаралық конкурстардың лауреаты – бұл өрелі тұлғалардың ансамбль ұжымында бас қосқан тамаша көрінісі. Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті Азия құрылығындағы тұңғыш камералық ұжым болып, Марсель қаласындағы (Франция) Анри Томази атындағы халықаралық байқауға екі мәрте шақырылды, Париж, Берлин, Монако, Будапешт, Лион және өзге де қалалар ансамбльдерінің арасындағы шығармашылық бәсекелестікте құрметті дипломды жеңіп алды. Олар Франция, Англия, Австрия және Ресей қалаларына гастрольдік сапарлармен жиі шығып, ондағы камералық музыканың шын бағалаушылары мен құрметтеушілерінің басын қосты.

Жанат Ерманов – кларнет

Талғат Сапабеков – фагот

Санжар Қадырбеков – валторна

Асыл Жақыпбек – гобой

Елубаева Сұлужан – флейта